Ақтау әуежайы ресейлік холдингке сатыла ма – ресми жауап

0

Ерғазы Жолдасов әуе айлағы мемлекеттік стратегиялық нысан болғандықтан, оны сату мүмкін емес екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Ақтау қаласы әуежайының басшылығы БАҚ-та жарияланған әуе айлағы ресейлік «Аэропорты регионов» холдингінің меншігіне өтеді деген ақпаратқа түсініктеме берді.

«Бұл әуежай мунипициалдық меншік болып саналады. Сондай-ақ, ол бүгінде түрік компаниясының сенімгерлік басқаруымен қызмет көрсетуде», – деп мәлімдеді әуежай директоры Ерғазы Жолдасов Sputnik Қазақстан тілшісімен болған әңгімеде.

Оның айтуынша, әуежай стратегиялық нысан болғандықтан, оны сату мүмкін емес. Ал осы мәселеге қатысты ресейлік холдинг тарапы қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Айта кетейік, БАҚ бетінде Ақтау әуежайын ресейлік олигарх Виктор Вексельберг иелік ететін «Аэропорты регионов» холдингі сатып алады деген ақпарат жарияланған болатын.

Сатылған жоқ: «Қазақфильмге» ешкім қызықпады

Жалпы, Ақтау әуежайы 1983 жылы өз жұмысын бастаған. Қазіргі кезде әуежайды пайдалануды түркиялық ATM Group компаниясы жүзеге асырады. 2009 жылы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің келешегі кемел әуежай», ал 2010 жылы «ТМД елдерінің үздік әуежайы» номинациясын жеңіп алған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз