Ақтау әкіміне сот шешімін орындаудан жалтарғаны үшін айыппұл салынды
Ербол Ізбергеновке сот шешімін орындаудан жалтарғаны үшін 172,5 мың теңге айыппұл салынғаны белгілі болды. Қала басшысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын «шаруашылық блогын орналастырудан және пайдаланудан» «тұрғын үй кешенінің құрылысына» өзгертуге бас тартқан.
ТК-ны қаланың шағын аудандарының біріне салғысы келген алайда әкімдіктің мәліметінше, бұл инженерлік желілерге жүктемені арттырып, инфрақұрылымды ұйымдастыру мәселелеріне әкеп соқтырар еді.
«Сондай — ақ, ТК құрылысына қарсы шыққан осы шағын аудан тұрғындарының пікірі ескерілді», — деп түсіндірді қала әкімшілігі.
Ақпарат: http://t.me/zakonkz
Фото: kzl.sud.kz