Ақсуда 5 энергетик LADA XRAY автокөліктерінің кілтін алды

0

Станса осы уақыт аралығында 587 млрд. Квт/сағат электр энергиясын өндіріпті.

Қазіргі кезде станса Еуразиялық Топ құрамындағы барлық кәсіпорынды энергия қуатымен қамтып отыр. Алып өндіріс орнының 50 жылдық мерейтойына облыс әкімі Болат Бақауов, «ERG» компаниясының басқарма төрағасы Александр Машкевич, өзге де кәсіпорын басшылары, стансада  еңбек еткен ардагерлер қатысты.

Стансада еліміздегі электр энергиясының 5/1 бөлігі өндіріледі. Индустрияландыру талаптарына сәйкес, қазір стансадағы 8 блоктың 5-уі жаңғыртудан өтті.

Еуразиялық Топ соңғы 7 жылда өңірдің дамуы үшін 18 млрд. теңге қаржы бөлген. Топ өңірге  қажетті әлеуметтік жауапкершілік талаптарын орындауда.

«ERG» компаниясының басқарма төрағасы Александр Машкевич Ақсу электр стансасы компания құрамына өткен кезін еске алды.

— Біз 1996 жылы стансаға алғаш келгенде қаңырап бос қалған базалар, терезесі сынған өндірістік ғимараттар  тұрған еді. Энергетиктердің бізге сенім артып, бірлесе жұмыс жасаудың нәтижесінде бұл күндері ТМД аумағындағы үздік кәсіпорын дәрежесіне жеттік,-деді А. Машкевич

Ал, электр энергиясы өндірілмесе,  зауыттар да болмас еді.  Қазір баламалы энергия көздері де пайда болды. Бірақ, көмірден энергия алу әлі  қолданыста.  Арзан қуат өндірілуде.  

Мерейтой барысында  стансаның 100-ге жуық энергетик және  жұмысшы,қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Көліктер берілді.

Мерекелік кеште  белгілі әнші  Әлібек Дінішев және жергілікті өнерпаздардың қатысуымен  концерт өтті.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/