Ақсу тұрғыны төрт оқушыға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді

0
865

Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны екі жыл бойы төрт балаға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің мәлімдеуінше, жыл басынан бері білім беру ұйымдары психологтермен бірлесіп, зорлық фактілерін анықтау мақсатында оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, анонимділікті сақтау үшін «сенім жәшіктері» орнатылған.

«Мектептердің бірінде «сенім бөлмесі» ашылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл 2016 жылдан 2018 жылға дейін жасалған 34 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 23 факті бойынша Ақсу қаласының тұрғыны төрт оқушыға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді», – дейді облыстың бас полицейі.

Ер адамның зардап шеккен мектеп оқушыларына кім болып келетіні туралы хабарланған жоқ.

Құқық қорғау ведомствосының мәліметінше, биыл Павлодар облысында жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың саны өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге артқан.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз