Ақшасын 4 жыл бойы төлеген. Танымал рэпер маңдайына 24 млн доллар тұратын гауһартас орнатпақ

0

Рэпер Лил Узи Верт маңдайына құны 24 млн доллар болатын гауһартас орнатпақ, деп хабарлайды Unilad сайты.

Ол бағалы тастың суретін Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

Гауһартастың бағасы тым қымбат болғандықтан, рэпер оны төрт жылға бөліп төлеуге мәжбүр болған. Ақшасын төлеп біткендіктен, енді оны маңдайына орнатуды жоспарлап отыр.

Әйгілі зергер Эллиот Эллианте тасты орындаушының маңдайына орнатады.

Лил Узи Верт қызғылт гауһар тастың 10-11 карат екенін және оның барлық мүлкінен қымбат тұратынын айтты.

Lil Uzi Vert – американдық хип-хоп әртісі және ән жазушы. Ол «Money Longer» дебюттік синглы шыққаннан кейін танылды. 2017 жылы оның XO TOUR Llif3 әні үздік 10 әннің қатарына енді.