«Ақша жетпейді…» — Жеңіс Қасымбекпен бетпе-бет жүздесіп қалған облыс тұрғыны (ВИДЕО)

0
1578

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге жүрген журналист Асхат Ниязов жергілікті бір тұрғыннан әкімнің есімін сұрағанда, ол білмейтінін бір-ақ айтты.

Бұл видеоны әріптесіміз өзінің Facebook-тегі парақшасына жариялады.

Білмеймін. Газеттен көрдім, ұмытып тұрмын, — деп жауап берді тұрғын, журналистің «Облыс әкімін білесіз бе?» деген сұрағына.

Осы орайда Асхат Ниязов қасында бірге тұрған сол Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің өзі екенін айтқанда, тұрғын сәл абдырап, шенеунікті мақтай жөнелді. Ал журналист одан әкімге қандай бұйымтайы бар екенін сұрады.

Ол анда, мен мұнда. Не айтары бар? — деген азаматқа облыс әкімінің өзі «Ұялмай айта беріңіз» деген ишарат жасады.

«Менің әр күнім проблема. Не істейсің? Ақша жетпейді. Сен 1 ай істейсің де, басқа жаққа кетіп қаласың», — деп салды көше тазалаушының формасымен тұрған, жүдеу кейіптегі азамат.