«Ақша ұсынсақ ренжіп шығады»: Журналистер 82 жастағы ерікті қария жайлы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағанды обылысының ең қар еріктісі Нұр ауданындағы Тікенекті ауылында тұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тракторшы

Мінніағзам Авлияровтың жасы 82-де, өзінің егде жасына қарамастан ол өзінің ауылдастарына үнемі көмек қолын созып отырады екен. 

Қыстыгүні қаланы қар басып қалған кезде ол өзінің тракторына мініп, көшелердің тазартып шығуды әдетке айналдырған. Өзімнің ауылға деген көмегімді осылай білдіргім келеді дейді ол. 

Башқұртстаннан жас шағында келген ол өзінің тракторын ешкімге қимайтынын жеткізіп отыр. Менің көмекшім осы дейді қария.  

«Ауылда жұмыс көп. Жол жаман болса, бәріне қиындық әкеледі. Кішкентай балалар сабаққа барулары керек. Ал бұл жолы қар қалың жауды. Сол себепті көктемде еріген қар суының көлемі де жоғары болады. Сол үшін қазірден бастап қар тазалауды қолға алу керек», — дейді Мінніағзам Авлияров. 

Көктем келесімен зейнеткер көпір тазалап, бөгеттерді қатайтады. Ал жазда ол ауылдастарына шөп шауып, көмір дайындауға жәрдемдеседі екен. 

«Кейде оған ризашылығымыз ретінде тракторыңызға жанармай құйып алыңыз деп ақша ұсынамыз. Бірақ ол бұған ренжіп қалады. Ақша алмайды. Тіпті сөйлеспей қояды», — дейді Тікенекті ауылының тұрғыны Рамазан Әбілдинов. 

Ауылдың тұрғындары қартқа батыр әрі бірінші ерікті деген лақап ат беріпті. Қазір аймақтағы еріктілер тобында 30-дан астам адам бар көрінеді. 

 

stan.kz