Ақша үшін өмірімізді қатерге қоямыз: елордалық өрт сөндірушілердің жанайқайы — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтандық өрт сөндіруші ТЖ кезінде әріптестері төмен жалақы үшін өмірін қауіп-қатергі қоятынын айтып салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz басылымына сілтеп.

астана

«Британдық квартал» тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде  жұмыс істеген Нұр-сұлтан өрт сөндірушісі ТЖ орнында басқа өрт сөндірушілермен бірге жанып кетудің аз-ақ алдында қалғанын айтады.

Өрт сөндіруші бұл туралы желіде бөліскен.

«Бүгін Сарқырама-4 мекен-жайында өте күрделі өрт болды. Өрт шатырды, пәтерді, мансарды шарпыған. Өрт сөндірушілермен жоғарыға көтеріліп, су бере бастадық, алайда су тез бітіп қалды. Сумен қамтамасыз ету жұмыстары тоқтатылды. Тіпті, оқиға орнында жанып кете жаздадық. Гидранттарда қысым болған жоқ, сондықтан су болмады. Жұрт өрт сөндірушілер келіп, екі минут өртті сөндіріп, суы бітіп қалды демесін деп ойладық», — деп ағынан жарылды өрт сөндіруші.

Сондай-ақ, бейнероликтің авторы астаналық өрт сөндірушілердің еңбекақысының төмендігіне шағымданды.

«Біз өмір мен өлімнің шекарасында тұрғандай күй кештік. Білсеңіздер, өрт сөндіруші жігіттер айына 80 мың теңгеден алады, біреуі 90 мың теңге алады, тәжірибесі бар біреу 110 мың теңге алады (шамамен, 200-ден 280 долларға дейін -ред.). Олар өрт кезінде өздерін, өмірін ұмытып, бөгде адамның игілігі үшін жан алысып, жан беріседі. Өрт сөндірушілердің де жағдайын жақсартуға болады ғой», — деп атап өтті өрт сөндіруші.

 

Бұған дейін ТЖД баспасөз қызметінде аталған тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру шаралары шатырдың күрделі құрлымы, ағаштан жасалған конструкциялары әсерінен, сондай-ақ, жанғыш материалдардың және күшті желдің салдарынан ұзаққа созылғанын атап өткен еді.

Сонымен қатар, суды үздіксіз беру өрт гидранттарытна автоцистерналар орнату арқылы және коммуналдық қызметтердің су тасығыштарымен өрт сөндіру құралдарын жеткізу жолымен қамтамасыз етілгендігі хабарланған.

Төтенше жағдайлар департаменті астаналық өрт сөндірушілердің еңбекақысы туралы мәліметтерді кейінірек айтуға уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, 9-шілде күні астанамыздағы жоғары элиталық тұрғын үй комплексінің шатырында өрт шыққан еді.

stan.kz