Ақша керек болған: Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді
Үндістанда ата-анаcы үлкен ұлының емделуіне ақы төлеу үшін қызын сатып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
12 жасар қызды ересек ер адамға 10 мың рупийге сатқан.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, келісім 46 жастағы көршісімен жасалған. Ол қызды әйелдікке алды. Үйлену тойынан кейін ер адам кәмелетке толмаған қызды өзінің туыстарына апарған.
Көршілер оның жылағанын естіп, полицияға жүгінді.
Полиция істі бастады, ер адам мен ата-анасынан жауап алынды.