«Ақша аудару ойымда жоқ»: Марғұлан Сейсембай «Қазақстан халқына» қоры туралы

0
1784

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында елімізде «Қазақстан халқына» қоры құрылды. Қазірдің өзінде кәсіпкерлердің қолдауымен аталмыш қорға 100 млрд теңгеден астам қаражат жиналған. Алматыда өткен кездесуде ол қорға әлі ақша аудармаған бай-бағландардың бар екенін ашып айтты.

Алайда танымал бизнесмен Марғұлан Сейсембай Stan.kz берген сұхбатында бұл сөзбен келіспейтінін айтты. Кәсіпкер қорға ақша аудармай-ақ халыққа жәрдемдесіп жүргенін алға тартты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Қор қаншалықты үлкен болса да, ол қазіргі қоғамдағы мәселелердің жарты бөлігін ғана шешуге көмектеседі. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттің өзі шеше алмаған мәселелерден халықты ешқандай қор құтқара алмайды. Мұндай түбі тесік қорларды құрудың орнына, мемлекет пен бюджетте тәртіпті қалпына келтіру маңызды. Ал мұның барлығы саяси реформалар жүргізілгенде ғана мүмкін болады. Басқа жол жоқ», – деп түйіндеді кәсіпкер Марғұлан Сейсембай.