«Ақша аудармаса, жарамын деп қорқытқан». Алматыда белгісіз адам 12 мектепке мина қойғанын хабарлады

0
784
Сурет: 64parallel.ru

Алматы қаласында белгісіз біреу 12 мектепке мина қойғанын айтты. Дәл қазір полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

«12 мектептің электронды поштасына мина туралы хабарлама келген. Адам өзіне ақша аударуды сұрап отыр. Талабы орындалмаған жағдайда білім ғимараттарын жарып жіберетінін айтады», — деді құқық қорғау органдары. 

Сондай-ақ, дәл қазір білім ордаларын саперлердің тексеріп жатқаны айтылды.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркелді. Белгісіз адамның жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.