ақша айырбастау пунктеріндегі бағам, Ұлттық банктің ресми бағамы

0
34

1 ақпаннан бастап Қазақстандағы ақша айырбастау пунктері жаңа ережемен жұмыс істейді. Ақша айырбастау уақыты 9:00 мен 20:00 аралығында бекітілді

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Жұма күні теңгенің долларға шаққанда ресми бағамы 399,24 теңге болды. Ал ақша айырбастау пунктерінде АҚШ-тың валютасы 407-409 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Көптеген ақша айырбастау пунктері америкалық валютаны сатуды тоқтатты.

Ұлттық банктің 13 наурыздағы ресми бағамы 399,24 теңге болып бекітілген.

Ақша айырбастау ережесі

1 ақпаннан бастап Қазақстандағы ақша айырбастау пунктері жаңа ережемен жұмыс істейді. Ақша айырбастау уақыты 9:00 мен 20:00 аралығында бекітілді. Алайда бұл талап теміржол вокзалында, казинода, әуежайда, сондай-ақ, шекарадағы көлік өткізу бекеттерінде орналасқан пунктерге таралмайды. Ал ірі сауда орталықтарында шетелдік валютаны 22:00-ге дейін айырбастауға болады.

Бұдан бөлек, 500 мың теңгеден (1 323 доллар) асатын соманы айырбастағанда жеке куәлік пен мекенжайды көрсету керек.



sputniknews.kz