АҚШ Усама Бен Ладеннің ұлына іздеу жариялады — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Хамза бен Ладенге іздеу салды. Оның қайда екенін айтқан адамға 1 млн доллар сыйақы тағайындады.
Бұл туралы дипломатиялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік хатшының көмекшісі Майкл Эванофф мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
Хамза бен Ладен — «Аль-Каида» террорлық ұйымының негізін қалаған Усама бен Ладеннің ұлы.
«Мемлекеттік департамент «Аль-Каида» террорлық ұйымының көшбасшысы Хамза бен Ладеннің қайда екені немесе ол туралы қандай да бір ақпарат айтқан адамға
1 млн долларға дейін сыйақы береді», — дейді Майкл Эванофф.
АҚШ мәліметіне сәйкес, ұлы әкесінің ізімен жүріп, 2015 жылдың тамыз айында топқа мүше болды. Осыдан соң Иерусаимді еврейлерден босатуды сұрап, Америка құрамасына қоқан лоқы көрсетті. Ол Батыс елдеріне террорлық шабуыл жасауы мүмкін деп болжанып отыр.
stan.kz