АҚШ-тың санкциялары Қазақстанға салқынын тигізе ме?

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен өткен кездесудің қорытындылары туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео АҚШ-тың санкция саясаты жағдайындағы Қазақстанның экономикалық өсімі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Мемлекеттік департамент Қазақстанның заңды және жеке тұлғаларына санкциялардың таралуына жол бермеуге тырысады», – деді Мұхтар Тілеуберді.

Мемлекеттік хатшымен кездесу барысында қазақстандық тарап келісімдік базаның толығуына, өңірлік форматта АҚШ-пен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және экономикалық ынтымақтастықты әртараптандыру мәселелеріне көңіл бөлді.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео

«Қазақстан мен АҚШ арасында жуырда қол қойылған құжаттардың арасынан ашық аспан туралы келісімді атап өту ерекше маңызды. Бұл құжат елдер арасында тікелей әуе қатынасын ашуға ғана емес, сондай-ақ, Қазақстанның әуе компаниялары мен әуежайлары үшін жоғары қауіпсіздік стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді», – деді сыртқы істер министрі.

Айта кетсек, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео екі күндік сапармен Қазақстанға келді.

Помпео мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және тұңғыш президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарланған.

Тағы оқыңыз: АҚШ Қытайда қысым көрген этникалық қазақтарға қатысты мәлімдеме жасады

Мемлекеттік хатшының сапары алғашында жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні – 5 қаңтарға жоспарланған еді. Алайда ол АҚШ-тың Ирактағы елшілігінің алдындағы тәртіпсіздікке байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды.

Қазақстанға сапарынан кейін Помпео Өзбекстанға барады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз