АҚШ-тың Қорғаныс министрі тағайындалды

0

АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі болып Чарльз Саммерс тағайындалды.

Чарльз Саммерс былтыр қызметін асыра пайдаланғаны үшін басы дауға қалған Дана Уайттың орнына келді. Саммерс қызметіне Пентагон басшысының міндеттерін уақытша ақтарушы Патрик Шанаханмен бірге кірісті.

Желтоқсанда экс-министр Джеймс Мэттис өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. Бұған қатысты Ақ үй басшысы Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында: «Ақпанның соңында менің әкімшілік қызметімде қорғаныс министрі болған генерал Мэттис зейнетке шығады. Мэттис бұл орынға отырғалы алға жылжу қарқынды түрде жүріп отырды. Әсіресе, жаңа әскери қондырғыларды сатып алу бағытын ерекшелей кеткен жөн»,– деген. Мәліметтер бойынша, Мэттистің отставкаға кетуіне Дональд Трамптың Сүриядағы Америка әскерін шығару туралы шешімі ықпал кеткен.

«The Qazaq Times»