АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Помпео Иракта болып жатқан жағдайды бақылап, Таяу Шығыстағы америкалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Вашингтонда болуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Американың Ирактағы елшілігінің алдындағы тәртіпсіздікке байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды. Бұл туралы мемлекеттік департаменттің сайтында жазылған.

«Мемлекеттік хатшы Помпео Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Кипрға жоспарлаған сапарын кейінге қалдыруға мәжбүр. Өйткені ол Вашингтонда болуы керек, Ирактағы жағдайды бақылап, Таяу Шығыстағы америкалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиіс», — деп жазылған хабарламада.

Помпеоның бұл елдерге қашан баратыны таяуда белгілі болады.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанға жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні — бесінші қаңтарда келуді жоспарлаған еді. Мемлекеттік хатшы республика президентімен кездесіп, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды деп көзделген болатын.

Ирактағы елшілік алдында не болып жатыр?

Америкалықтар «Каттаиб Хезболлах» шейіттер тобына әуеден соққы жасаған, қаза болғандарды жерлегеннен кейін Бағдадтағы АҚШ елшілігі алдында  тәртіпсіздік басталды, деп хабарлайды РИА Новости. Соққы салдарынан «Аль-Хашд аш-Шааби» қозғалысының 25 жауынгері көз жұмған. Ирак билігі америкалықтардың бұл іс-әрекетін айыптап отыр.

«Каттаиб Хезболлахтың» Ирактағы базаларға шабуылы жиілеп кеткендіктен, бомбалау туралы шешім шығарылды, деп мәлім етті АҚШ.

АҚШ-тың Бағдадтағы елшілігі консулдық жұмысын тоқтатты, америкалық азаматтарға ғимаратқа жақындамауға кеңес берілді.



sputniknews.kz