АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға келді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео үшін Қазақстан сапармен ұшып келген посткеңестік кеңістіктегі үшінші ел болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео екі күндік сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Помпео мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және тұңғыш президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарланған.

Сондай-ақ, мемлекеттік хатшы әріптесі, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөз өткізеді. Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқыламақ.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанға жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні – 5 қаңтарда келуді жоспарлаған еді. Алайда АҚШ-тың Ирактағы елшілігінің алдындағы тәртіпсіздікке байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды.


©
Photo : Пресс-служба МИД Казахстана

Майк Помпео Қазақстанға сапармен келді

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Нұр-Сұлтанға Украина мен Беларуьстен ұшып келді. Қазақстанға сапарынан кейін ол Өзбекстанға баруды жоспарлап отыр.

Ташкентте 3 ақпанда Помпео Орталық Азияның бес елінің СІМ басшыларымен бірге «С5+1» форматында өзара іс-қимылды талқылайды.

АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мұндай форматты 2015 жылдың қыркүйегінде өңірлік мәселелерді шешу үшін құрған болатын.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз