АҚШ-тың Ирактағы тағы бір әскери базасы атқыланды

0
69

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бағдад маңындағы базаға дүркіндетіп ату жүйесі арқылы соққы жасалды, әзірге шабуылдың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. АҚШ әскерилері орналасқан Бағдадтың солтүстігіндегі «Эт-Тажи» әскери базасы реактивті снарядтармен атқыланды, деп хабарлады РИА Новости Ирак армиясына сілтеме жасап.

«Эт-Тажи» әскери базасы «Катюша» типті қондырғылармен атқыланды», – деп атап өтті әскерилер.

Сондай-ақ, АҚШ басқаратын коалицияның сарбаздары базаны атқылау салдарынан зардап шекпегені хабарланды.

Американың Ирактағы әскери базаларына бірнеше айдан бері шабуыл жасалуда, мұндай оқиғалар қаңтар айының басында АҚШ Бағдад әуежайының жанында Иран әскери қолбасшысы Кассем Сулейманиді өлтіргеннен кейін күшейе түсті.

Оқи отырыңыз: Иран АҚШ-тың әскери базасына зымыранмен соққы жасады

Бұған дейін, 8 қаңтарға қараған түні Ислам революциясы сақшылар корпусының әскерилері Ирак аумағында орналасқан «Айн-аль-Асад» базасы мен Эрбилдегі әуежайды атқылады.



sputniknews.kz