АҚШ-тың денсаулық сақтау саласы мамандары Қытайды әріптестікке шақырды

0
14

АҚШ-тың денсаулық сақтау саласы мамандары қауіпті вируспен күресіп жатқан Пекинді ашықтыққа және әріптестікке шақырды. Қытайда коронавирус жылдам тарап барады. Соңғы дерек бойынша, коронавирустан көз жұмғандар саны 132-ге жетті, оны жұқтырғандар саны 6000-ға жуықтады.

28 қаңтарда АҚШ-тың денсаулық сақтау министрлігінің хатшысы Алекс Азар Вашингтонның Пекинге көмек ұсынғанын хабарлады.

«Біз Қытайды әріптестікке және ашықтыққа шақырамыз, вируспен тиімді күресу үшін ең қажеттісі осы» деді Азар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) дерегінше, Қытайдан бөлек ондаған мемлекетте 45 вирусты жұқтыру оқиғасы тіркелген. Қытайдан басқа мемлекетте адам өлімі тіркелмеген.

Шетелде негізінен Қытай туристері немесе жақын арада Ухань қаласында болған адамдардан вирус табылған.

Азардың айтуынша, «вирус жұқтырып, бірақ жазылған» адамдардың өздерінен вирус тарауы мүмкін, Қытайда бұл дәлелденген. Оның айтуынша, АҚШ-та бес адамнан вирус табылған. АҚШ-тың ауруды бақылау орталығының жетекшісі Роберт Редфилд «АҚШ-та вирус тарап жатқан жоқ» деді.

Коронавирусты жұқтырған адамдар Германия, Шри-Ланка,Малайзия, Оңтүстік Корея, Тайвань, Таиланд, Канада, Непал, Вьетнам, Сауд Арабиясы, Сингапур, Жапония, АҚШ, Франция, Австралияда кезіккен.

Azattyq