АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Байден 2020 жылы президент сайлауына түспек

0

2009-2017 жылдары АҚШ-тың вице-президенті болған Джо Байден 2020 жылы өтетін президент сайлауына түсетінін жариялады. Бұл туралы ол 25 сәуірде арнайы Байден штабы жариялаған роликте айтты.

Байденнің сөзінше, Дональд Трамптың кесірінен АҚШ-тың негізгі құндылықтарына қауіп төніп тұр. Трамп президент болып сайланғаны Байден оның саясатын жиі сынап жүр.

Байден бұған дейін де бірнеше рет президент сайлауына түспек болған. 1988 жылы плагиат дауына ілініп, сайлаудан бас тартқан. Ал 2008 жылы ол Айова штатындағы сайлау алдындағы дауыс берудегі жеңілістен кейін сайлаудан өз еркімен шыққан. Кейін Барак Обама президент болып сайланған соң Байденді вице-президент етіп тағайындаған.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз