АҚШ Түркияның Сүрия аумағында әскери операциялар жүргізуіне қарсы
АҚШ Түркияның Сүрия аумағында әскери операциялар жүргізуіне қарсы.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Шон Робертсон Түркия армиясының Сүрияның солтүстік-шығысында әскери операциялар жүргізуіне қарсылық білдірді.
«Солтүстік-шығыс Сүриядағы Түркия армиясының әскери операциялары сол аумақтағы АҚШ сарбаздарына қауіп төндіреді. Анкараның бұл әрекеті ешқандай қисынға келмейді. Түркияны қандай да бір операцияны жүзеге асырмас бұрын екіжақтық келіссөздер өткізуге шақырамыз» — деп мәлімдеді Робертсон.
Естеріңізге салайық, желтоқсан айының 12-і күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Анкара бірнеше күннен кейін Сүрия күрдтеріне қарсы Ефрат өзенінің шығысында әскери операциясын бастайды» — деп мәлімдеген. Бұған дейін БАҚ беттерінде «АҚШ Анкара мен қарулы күрд жасақтары арасындағы текетірес ушығып кетпес үшін, Сүрия мен Түркия шекаралық аудандарына арнайы бақылау бекеттерін орнатуды жоспарлауда» деген ақпарат тараған.