АҚШ тұрғыны күтпеген жерден қомақты ұтысқа ие болды

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

371 0 0

Дүкенге азық-түлік алуға барған америкалық әжей кездейсоқ лотерея билетін сатып алған

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. АҚШ тұрғыны отбасына дастархан жаюға дайындалып жүріп, лотереядан қомақты қаражат ұтқан, деп хабарлайды UPI.

Қаңтар айының басында Вирджиния штатындағы Вирджиния-Бич қаласының тұрғыны Линда Барнс немересінің құрметіне кешкі ас ұйымдастырып, мексикалық ұлттық тағам – тако әзірлеп бермек болады.

Лотереядан 10 миллион доллар ұтқан адам тосын жайтқа тап болды

Сөйтіп, күннің суығы мен толассыз жауған жаңбырға қарамай, азық-түлік алуға барған әжей дүкеннен лотерея билетін де сатып алады. Үйге келіп, билетті тексерсе, ұтыс сомасы 150 мың доллар болып шыққан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, лотереяда басты сыйақыны жеңіп алу бағы миллион адамның біреуіне ғана бұйырады екен.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/