АҚШ-тағы наразылық: Ақ үйдің айналасына қоршау орнатылды
Ақ үй Джордж Флойдтың қазасынан кейін басталған наразылыққа байланысты қорғаныс шараларын күшейтуге кірісті. Жақында Дональд Трамптың резиденциясының айналасына қосымша қоршау орнатылды
Оның биіктігі екі метрден асады. Қоршау Лафайет алаңының айналасындағы қоршауға жалғанып салынып, наразылық білдірушілерге Ай үйге жақындауға мүмкіндік бермейді.
Сондай-ақ, Вашингтонда қауіпсіздік шараларына Ұлттық гвардия тартылды. Видеода әскерилердің көшеде патрульге шығып, сан алуан нысандарды, соның ішінде Линкольн мемориалын күзетіп жүргенін көруге болады.
Мамырдың соңында Миннеаполисте афроамерикалық Джорд Флойд полиция ұстағаннан кейін көз жұмды. Осы оқиғадан кейін елде наразылық акциялары басталды. Тіпті, әлемнің басқа мемлекеттеріне де тарап кетті. АҚШ-та наразылық акциялары тәртіпсіздікке ұласып, қарақшылық пен тонау қылмыстары көбейген.
sputniknews.kz