Home Жаңалықтар АҚШ-тағы кездесуде жарақаттанған ресейлік боксшы қайтыс болды

АҚШ-тағы кездесуде жарақаттанған ресейлік боксшы қайтыс болды

0
62

АҚШ-та кәсіпқой бокстан өткен жекпе-жекте жарақаттанған ресейлік Максим Дадашев ауруханада қайтыс болды. Дадашев 19 шілде күні Оксон-Хил қаласында IBF тұжырымы бойынша алғашқы жартылай салмақта әлем чемпионы атағына үміткер атану үшін пуэрторикалық Субриэль Матиаспен кездескен еді.

11-раундта Дадашевтің командасының өтініші бойынша жекпе-жек тоқтатылып, Матиас техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Кездесудің аяқталуына бір раунд қалған кезде Дадашевтің жағдайын байқаған бапкері Бадди Макгриттің ресейлік боксшыны жекпе-жекті тоқтатуға көндірмекші болған. Дадашев жекпе-жекті соңына дейін жеткізуге тырысқан.

Кездесу аяқталған соң шешінетін бөлмеге бара жатқан Дадашев есінен танып қалып, оны шұғыл ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер спортшының бас сүйегіне трепанация жасаған. Кейін науқасты дәрінің көмегімен комаға түсірген. ТАСС агенттігі Дадашевтің жүрегі көтермеді деп хабарлады.

Матиаспен кездесуге дейін кәсіпқой бокста 13 кездесу өткізіп, ешбірінде жеңілмеген Дадашев он рет нокаутпен жеңіске жеткен. Оған дейін әуесқой бокстан Ресей чемпионатында бір рет күміс, екі мәрте қола жүлде алған.

Azattyq