АҚШ-та WBC титулы үшін айқасатын қазақстандық нокаутшы салмақ өлшеуден өтті

2018 жылғы 8 желтоқсан 09:03 135

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ертең Остин қаласында (АҚШ, Техас штаты) Қазақстан өкілдері де қатысатын бокс кеші болады, деп хабарлайды Sports.kz.
21 жастағы Искандер Харсан (4-0, 4 КО) 19 жастағы америкалық Хорхе Рамоспен (6-0-1, 3 КО) екінші жеңіл салмақта жастар арасында WBC Intercontinental титулы үшін жекпе-жекке шығады. Айқас 8 раундтқа есептелген.
Екінші қазақстандық 24 жастағы Асхат Жантұрсынов (2-0, 2 КО). Оның қарсыласы жергілікті боксшы Майкл Коронадо (1-1-1) болмақ. 4 раундқа созылатын бұл жекпе-жек бірінші ауыр салмақтағылар арасында өтеді.
Біздің отандастарымыз жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеуден өтті.
Айта кетсек, бокс кеші біздің уақыт бойынша 9 желтоқсанда таңертең болады.