АҚШ-та тәулік ішінде коронавирустан көз жұмғандар санынан «рекорд» тіркелді – Қазақстан жаңалықтары

0

АҚШ бір тәулік ішінде коронавирустан болған өлім саны бойынша Италияның қайғылы «рекордын» басып озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Қазіргі уақыттақа дейін АҚШ-та COVID-19-дан 5 926 адам көз жұмған. Ал соңғы 24 сағат ішінде елде 1169 адам коронавирустың құрбаны болды.

Бұл – әлем елдері ішінде бір тәулікте инфекциядан көз жұмғандардың ең көп саны. Бұған дейін «рекордты» көрсеткішке Италия ие болды, онда 27 наурызда 969 өлім тіркелген.

Айта кетейік, COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны миллионнан асты. Қазақстанда 435 адам инфекцияны жұқтырды.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз