АҚШ-та қазақстанның екі азаматы айыпталуда
АҚШ-та кибералаяқтық жолмен қаржы тапқан деген күдікпен екі қазақстандық, алты ресейлік азаматтың артынан қылмыстық іс басталды. Соңғы мәлімет бойынша, цифрлы жүйенің қыр-сырын жақсы меңгергендер 40 млн доллар шамасында қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.
Нью-Йорктың Шығыс округ штатының прокуратурасы қазіргі таңда олардың тағы да қандай қылмысқа қатысы бар екендігін анықтауда. Есімдері белгілі болған азаматтардың кейбіреуі өзге елдерден ұсталған. Қазақстан азаматы Сергей Овсянников, Малайзияда Евгений Тимченко Эстонияда құрықталғандығы белгілі болды. Сол секілді Ресейлік Александр Жуков Болгарияда тұтқындалған. Барлық ұсталған азаматтар жақын уақытта АҚШ-қа жеткізіледі деп жоспарлануда. Бұдан бөлек Михаил Андреев, Денис Авдеев, Дмитрий Новиков және Александр Исаев бостандықта жүр.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында әлеуметтік желілер мен электронды мекен-жай арқылы адамдардың қаражатын жымқыратындар Қазақстан аумағынан да төбе көрсеткен. Бірнеше сұраққа оңай жауап бергендерге кейіннен сыйақыны жіберу үшін арнайы есепшот нөмірін сұраған. Сезіктенген жандар бірден құзырлы орындарға жүгінсе, енді бірі тұзақтарына ілініп жатты. Сондықтан желі арқылы оңай ақшаға кенелу, тек кибералаяқтардың ғана қолынан келетіндігін сарапшылар ескертіп отыр.