АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға сәтті сынақтан өтті — Қазақстан жаңалықтары
Америкалық Moderna биотехнологиялық компаниясы адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынаудың бірінші фазасының сәтті аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Препаратты сәуірден бастап еріктілер тобында сынақтан өткізі бастады. Нәтижесінде mRNA-1273 вакцинасын қабылдағаннан кейін препараттың дозасына байланысты сынаққа қатысушылардың антиденелерінің саны COVID-19-дан емделіп шыққан адамдардың қанындағы тиісті көрсеткіштен асып түсті немесе сол деңгейде болды.
Бірінші кезеңде препараттың қауіпсіз екендігі дәлелденді, асқынусыз қабылданды. Компания клиникалық зерттеулердің соңғы кезеңі шілде айында басталады деп күтеді.
Бұған дейін Қытай 2575 еріктіге бес түрлі коронавирус қарсы вакцинаны сәтті сынағанын жариялаған болатын.
stan.kz