Home Жаңалықтар АҚШ-та Капитолийге тағы шабуыл жасалды: екі адам, оның ішінде полицей қаза тапты...

АҚШ-та Капитолийге тағы шабуыл жасалды: екі адам, оның ішінде полицей қаза тапты (видео)

0
309

АҚШ-та белгісіз ер адам Капитолийге көлігімен баса көктеп кірмек болды. Куәгерлер сондай-ақ атыс болғаны туралы және бейнежазбалардан зардап шеккендерді зембілмен алып бара жатқанын көруге болатындығы туралы хабарлады. Ғимарат қоршауға алынды, толық оқшаулау режимі енгізілді.

Ер адам АҚШ Конгресі ғимаратының сыртындағы бақылау-өткізу пунктінде отырған екі полиция қызметкерін қағып кетті, олар ауруханаға жеткізілді. Полицейлердің біреуі кейін қайтыс болды. Капитолийге баса көктеп кірмек болған жүргізуші де қайтыс болды деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиғаға байланысты Вашингтондағы бірнеше көше жабылды. Шабуылды Индиана штатының 25 жастағы тұрғыны Ноа Грин жасады деп күдіктелуде. Полицияның мәліметіне сенсек, ол «Ислам ұлты» саяси-діни қозғалысының өкілі болған.

CNN телеарнасының хабарлауынша, Грин 2019 жылы Виргиния штаты Ньюпорт-Ньюс қаласындағы Кристофер Ньюпорт университетін қаржы бакалавры дәрежесімен аяқтаған. Шабуылдан бірнеше апта бұрын ол әлеуметтік желіде жұмысынан айырылып, дертке шалдыққанына шағымданады. Ол өзінің қиындықтары үшін Орталық барлау басқармасы мен Федералдық тергеу бюросын кінәлайды.

Шабуыл жасалғанға дейін екі сағат қалғанда Грин Instagram-дағы парақшасында бірнеше жазба жариялады, онда ол «бірнеше рет үйіне әлдебіреулер кіріп кеткенін, тамақтан уланғанын, шабуылдарға тап болғанын, ауруханаларда оған рұқсатсыз оталар жасалғанын және ақыл-ойын әлдебіреулер басқаруға тырысып жатқанын» атап өтеді. Шабуылдан кейін оның Instagram және Facebook аккаунттары жойылды.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету