АҚШ-та белгісіз біреу көлігімен шіркеу қабырғасын қақырата соқты

0

2018 жылғы 24 желтоқсан 09:05 160

АҚШ-та белгісіз біреу көлігімен  шіркеу қабырғасын қақырата соқты


АСТАНА. ҚазАқпарат — 23 желтоқсан, дүйсенбі күні Колумбус қаласында (Огайо штаты) көлік жүргізушісі шіркеу қабырғасын қақырата соққан. Келеңсіз жағдай салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Анықталғандай, ТЖ 100 адам жиналған жексенбілік қызмет кезінде болған. Автомобиль шіркеудің қабырғасын бұзып кірген. Алты адам жарақат алған.

Дін қызметшісі Джей Андерсонның айтуынша, адамдар Рождестводағы хорға қатысуға қызығушылық білдіріп, жиналған.

«Көлік ғимаратқа соқтығысып, шіркеудің ішіне кіріп кеткен кезде қабырғалар құлады», — деді дін қызметшісі.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz