АҚШ-та банк ғимаратында атыс болып, 5 адам көз жұмды

0
78

Тағы бірнеше адам жарақат алды.

АҚШ-тың Флорида штатындағы SunTrust банкінде атыс болып, 5 адам ажал құшты. Бұл туралы Zakon.kz «Хабар 24» арнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабаралайды.

Тағы бірнеше адам жарақат алды. Оқиға Себринг қаласында орын алды. 21 жастағы Зефен Ксавер есімді күдікті банк ғимаратына баса көктеп кіріп, тонамақ болған. Ішіндегі адамдарды алдымен кепілге алып, артынша оларға бей-берекет оқ жаудырған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, полиция қаскөйді қолға түсірген. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмысы басталды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/