АҚШ-та 70 жыл отасқан жұп бір күнде көз жұмды

0
54

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Жолдасы қайтыс болғаннан кейін 12 сағаттан соң жары көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. АҚШ-тың Джорджия штатында 71 жыл бірге болған ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды, деп хабарлайды Metro.

Герберт Делейгл Мэрилин Фрэнсиспен 1947 жылы дәмханада танысқан. Қыз ол жерде даяшы болып жұмыс істесе керек. Кейін Герберт Делейгл ол жерге қызды көру үшін күнде баратынын айтқан. Оның айтуынша, қыздан көз ала алмаған, кейін кинотеатрға шақырыпты.


©
Sputnik /

70 жыл отасқан ерлі-зайыпты

Бір жылдан соң үйлену тойы болған.

Делейглдер отбасы ауруханада бір күнде көз жұмды. Арасы 12 сағат болған. Олардың 6 баласы, 16 немересі, 25 шөбересі мен 3 шөпшегі қалған. Психиатр Мэрилин өмірлік жарының өлімін көтере алмай, қайтыс болу мүмкін екенін айтады.



sputniknews.kz