АҚШ ресейлік «Солтүстік ағын-2» жобасына «өлім соққын» беру туралы шешім қабылдады

0

АҚШ-ның қазіргі президенті Дональд Трамптың әкімшілігі «Солтүстік ағын – 2» жобасына қарсы жаңа санкциялар пакетін қабылдауға ниетті. Reuters агентігі АҚШ-ның шектеулерді дайындау туралы білді.

Жағдаймен таныс дереккөздердің айтуынша, АҚШ-ның президент әкімшілігі «Ресей мен Германияның жобасына өлім соққысын беруі мүмкін» жаңа шектеу шаралар пакетін дайындап жатыр.

«Біз бірінен соң бірін соққыға жықтық, енді осы жобаның жүрегіне өз үлесімізді қосуға дайынбыз», — деді агенттіктің сұхбаттасушыларының бірі. Бұған дейін АҚШ үкіметінің жоғары лауазымды өкілі ресейлік «Солтүстік ағын – 2»  жобасын іске асыруға мүмкіндігі жоқ және іске қосылмайды деп шешкен.

Ол бұл құбыр «ешқашан ресейлік газды тасымалдамайды» деген пікірін білдірді. 2020 жылдың 11 желтоқсанында АҚШ Сенаты «Солтүстік ағын – 2» мен «Түрік ағыны» газ құбырына қарсы жаңа санкциялардан тұратын қорғаныс бюджетін мақұлдады. Бұған дейін құжатты АҚШ Өкілдер палатасы қабылдаған еді. Енді ол Америка президентіне қол қою үшін баруы керек.

Керімсал Жұбатқанов