Домой Жаңалықтар АҚШ: Ресей саясаткерлерінің Қазақстан туралы жағымсыз пікірлерін жақсы білеміз

АҚШ: Ресей саясаткерлерінің Қазақстан туралы жағымсыз пікірлерін жақсы білеміз

0
48

Ресейлік саясаткерлердің Қазақстанды жиі кемсітетінін біз жақсы білеміз, оқып та, көріп те жүрміз, — дейді АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зея.

«Ресейдің әрі қарай Украинаға шабуылының тоқтамайтынын көріп, бұл мемлекетті Қазақстанның құптамайтыны анық.
Осыған байланысты Қазақстан мәдениетіне қатысты орыс саясаткерлерінің жағымсыз пікірлері басылым беттерінде жиі жарияланып жүр.

Біз сондай-ақ халықаралық демократиялық қоғам Ресей үкіметіне қарсы қойған санкцияларды қолдағандарыңыз бен түсінгендеріңіз дұрыс шешім деп ойлаймыз», — деді Зея.

Бұған дейін Зея Америка Құрама Штаттары Қазақстанның аумақтық тұтастығы қағидаттарын ұстанатынын мәлімдеген.

(ақпарат, фото Kaztag.kz)