АҚШ Ресей мен Қытайдың зымырандары себепті ядролық соғыс қаупін жариялады
Әскери сарапшы, қарусыздандыру саясаты мен қаруды бақылау қауымдастығының (АҚШ) қауіп-қатерді азайту жөніндегі директоры Кингстон Рейф Қытай мен Ресейдің зымырандарды жасауы бақыланбайтын ядролық соғысқа әкелуі мүмкін екенін айтты. Оның сөзін The Sun хабарлады, деп жазды KzNews.
Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта Вашингтон бүкіл флотын жаңартуда, ал Бейжің мен Мәскеу жаңа зымырандарды сынауды жалғастыруда және олардың арсеналын кеңейтуде. Алайда, қырғи-қабақ соғыс кезіндегідей елдер арасында қару-жарақ жарысы жоқ.
«Біз ірі державалар арасындағы ядролық бәсекелестіктің жаңа кезеңінің куәсі болып отырмыз, егер біз бұған жол бермеу үшін шаралар қабылдамасақ, жақын арада одан да қауіпті болуы мүмкін», — деді Рейф.
Ресей мен Қытайдың ядролық жарысы Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастарының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Сарапшы ірі державалардың ядролық қақтығысты шектеуге немесе бақылауға болатынына негізсіз сенімі алаңдаушылық туғызатынын айтты.
Сонымен қатар, Рейф алпауыт мемлекеттер арасындағы бәсекелестік дамып келеді деп есептейді, ал тараптар бәсекелестің әрекетіне жауап ретінде өз арсеналының көлемін, әртүрлілігі мен мүмкіндіктерін ұлғайтуды таңдайды.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты