АҚШ Қытайда қысым көрген этникалық қазақтарға қатысты мәлімдеме жасады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Майк Помпео АҚШ Қытайдағы этникалық қазақтар мен ұйғырлардың қуғындалуын тоқтатуды талап ететінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео әлем елдерін Қытайда этникалық қазақтар мен ұйғырлардың қуғындалуын тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Біз адам саудасы мәселелерін, Қазақстанмен шекара маңындағы Қытайдың Шыңжаң лагерлерінде отырған бір миллионнан астам ұйғыр мен этникалық қазақтардың ауыр тағдырын талқыладық,- деді Помпео елордада Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен өткен келіссөздерден кейін.

Ол АҚШ барлық елді жұмыла әрекет етіп, бұл репрессияны тоқтатуды талап етуге шақыратынын жеткізді.

«Біз Қытайдан қашқан босқындарды қауіпсіз баспанамен қамтамасыз етуге үндейміз», — деді Помпео.

Айта кетсек, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео екі күндік сапармен Қазақстанға келді.

Помпео мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және тұңғыш президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарланған.

Тағы оқыңыз: Қытайдағы қазақтардың мәселесі: Тоқаев өз ойын айтты – видео

Мемлекеттік хатшының сапары алғашында жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні – 5 қаңтарға жоспарланған еді. Алайда ол АҚШ-тың Ирактағы елшілігінің алдындағы тәртіпсіздікке байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды.

Қазақстанға сапарынан кейін Помпео Өзбекстанға барады.



sputniknews.kz