“АҚШ құлайды” — Айсұлтан Назарбаев Трамптың қайта президент болатынын болжаған
2020 жылдың 9 маусымында Дариға Назарбаева мен Рахат Алиевтің марқұм ұлы Айсұлтан Назарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында бүгінгі АҚШ-тың жағдайын болжап жазды.
“Құдай ғана АҚШ-та не болып жатқанын біледі және оның соңы сотпен аяқталмақ. Әлемде осындай жағдайлар бұрын болып па еді? Ешқашан! АҚШ-тың Араб көктеміндегі төңкерістері үшін Құдай оларға көресіні көрсетуде, карма қайта оралды. Себебі Ирак, Либия, Египет, Тунис және т. б. елдерді күшпен басып алу кезінде қаншама жазықсыз адамдар көз жұмды.
АҚШ-тағы барлық аласапыраннан кейін Трамп екінші мәрте сайланады, сондай-ақ бүкіл әлем онда демократия жоқ екеніне көз жеткізеді.
АҚШ-та барлығы ақшамен шешіледі! Демократия бар сияқты көзбояушылық жасайды. Трамп тарихтағы АҚШ-тың соңғы президенті болады! Антихрист АҚШ-ты 2024 жылы жаулап алады. Осылай ұлы держава құлайды”, — делінген жазбада.