АҚШ Қазақстандағы өзгерістерге баға берді — Қазақстан жаңалықтары

0

   АҚШ Қазақстандағы биліктің ауысуына риза, деп мәлімдеді Құрама штаттардың осы елдегі елшісі Уильям Мозер. 

АҚШ Қазақстандағы өзгерістерге баға берді

Қазақстанда орын алған соңы саяси оқиғаларға АҚШ үкіметінің көзқарасы жақсы екенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz.

«Біздің үкімет биліктің ауысуы жақсы, тұрақты және тыныш өткенін мойындады», — деп мәлімдеді елші. Ол америкалықтар үшін осы жағдайдың бейбіт шешілгені маңызды екенін айтты. Елшінің пікірінше, Қазақстан осындай бейбіт шешілген тарихи оқиғамен мақтануы тиіс.  

Мозер Қазақстанның тәуелсіздігін, ел тұтастығы мен егемендігін АҚШ-тың қолдайтынын атап өтті. «Біз бұрын  айтқанымыздай  бүгін де қайталаймыз. Қазақстанға айла—шарғы жасау немесе бақылауға алу сынды мүддеміз жоқ», — деп толықтырды елші.

Сондай-ақ , дипломаттың айтуынша, екі ел арасындағы визасыз режим «жақын арада болмайды». Бұл үшін Қазақстан бірқатар талаптарды орындау қажет.

Естеріңізге саламыз, 20 наурызда Қазақстан Президенті қызметіне Қасым-Жомарт Тоқаев отырған еді. Бұдан бір күн бұрын Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кететінін жариялап, өкілеттікті тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Тоқаевтың өкілеттілік мерзімі 2020 жылдың сәуір айында аяқталады. Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің басшысы және «Нұр Отан»партиясының көшбасшысы болып қалады. 

stan.kz