АҚШ қарулы күштерінің әлсіз тұсы анықталды

0
16

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Америкалық әскерилер мен сарапшыларды радиоэлектронды күрес құралдары, әуеге қарсы қорғаныс, гипердыбыстық қару, танк жасау және ғарыш сияқты мәселелер алаңдатып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. RAND Corporation талдау орталығы АҚШ қарулы күштерінің кезекті әлсіздігін анықтады. Институт мамандары Құрама Штаттардың далалық артиллериясы Ресеймен салыстырғанда кенжелеп қалған деген қорытынды жасады.

Америкалық мамандар өз елінің Ресейден артта қалғанын мойындап отыр. Осылайша әскери-техникалық даму бағыттарының тізімі тағы бір тармақпен толықты. Белгілі болғандай, америкалық әскерилер мен сарапшыларды, әсіресе, радиоэлектронды күрес құралдары, әуеге қарсы қорғаныс, гипердыбыстық қару, танк жасау және ғарыш сияқты мәселелер алаңдатып отыр.

АҚШ-тың абсолютті үстемдігі кезеңінде пайда болған ең қызықты әрі танымал аңыздардың бірі келмеске кеткелі жатыр. Сол заманда әлемнің басым бөлігі Құрама Штаттардың басымдығы мәңгілікке сақталатынына шын көңілден сенген еді. Әсіресе, ғылыми-техникалық саладағы (тиісінше әскери-техникалық) жетістіктер басты саналды.

15-20 жыл бұрын мұндай көзқарас ақылға қонымды болғанын мойындау керек.

Қазіргі заманғы ғылым алға ілгерілегені соншалық, тым күрделі әрі қымбатқа түседі. Білімнің қандай да бір басты саласында үстемдігін жоғалтқан ел көш соңында қалады деген орнықты түсінік тарады. Осыны ескерген «супер ілгерілеуші» және «супер бай» Құрама Штаттары бүкіл әлемнен ең ақылды адамдарды жинап,  ғылымға қыруар қаржы құйды. Тиісінше, әскери жобалар да назардан тыс қалмады.

Тағы оқыңыз: НАТО ірі қақтығысқа дайындалып жатыр – бас штаб 

Осыдан кейін көбісі, енді, Вашингтонның басымдығы мәңгілік әрі онымен бәсекелесу мүмкін емес деп санады. Көпшіліктің ойын түсінуге болады. Ең қызығы, бұған америкалықтардың өздері де әбден сенді. Сарапшылар мен жоғары лауазымды шенеуніктер өз мемлекетінің саясатын осы наным негізінде қалыптастырды.

RAND Corporation артиллериямен байланысты қазіргі проблемаларды ашық атады: 2000 жылдардың басынан америкалық әскерилер көтерілісшілерге қарсы күреске ден қойып келеді. Ал олар үшін басты күш авиация болды.

Соңғы он жылдықта Пентагон мен НАТО үшін қалыпты әскери іс-қимылдардың форматы бәріне жақсы таныс:

а) кезекті бір «артта қалған» елді құрбан етіп, әскери (бір мезетте азаматтық)  инфрақұрылымы мен ірі армиялық топтарын бомбалау. Америкалықтарға қарсы тиімді әуеге қарсы қорғаныс жүйесі болмағандықтан, ұшқыштарға қауіп аса төнген жоқ еді.

б) кейін Калашников автоматымен жүгірген жергілікті адамдарды әуеден шабуыл жасау арқылы немесе кішігірім жерүсті операциялармен (тікұшақ пен ұшақтардың көмегімен) жою.

Алайда, Вашингтон мұндай әдістің салдарын байқай бастады. Атап айтқанда, мұхиттың арғы бетіндегі сарапшылар өз мемлекетінің артиллериясының тиімділігі төмендеп, Ресейден артта қалғанын пайымдап отыр. Бұл америкалық артиллерияшылар тәжірибесінің әжептәуір қысқаруымен, және де Мәскеудің заманауи артиллерия құралдарын белсенді дамытуымен байланысты.

Тағы оқыңыз: Путин Трампқа импичмент жариялануына қатысты өз ойын айтты

Алайда уақыт мәңгілік ештеңе жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Бір де бір қуатты империя үстемдігін мәңгі бақи сақтап тұра алмайды, соның ішінде әскери салада.

Ел арасында қалыптасқан стереотип әртүрлі тараптан бұзылды. Мәселен, Қытайды алайық. Аспан асты елі «әлемдік құрастыру цехының» арқасында өзінің ғылыми, технологиялық, артынша әскери-техникалық мектебін қалыптастырып алды. Сондай-ақ, Мәскеуді де үлгі етуге болады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз