АҚШ Қарулы күштері бомба тастаймыз деп әзілдегені үшін кешірім сұрады — Жаһан
АҚШ қарулы күштерінің стратегиялық қолбасшылығы әлеуметтік желілерде Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңындағы дәстүрлі шардан да үлкен «әлденені» құлататуға уәде беріп, әзілдегені үшін кешірім сұрады, — деп хабарлайды РИА Новости.
Жаңа жыл қарсаңында Таймс-сквер алаңында дәстүрлі түрде мерекелік шар түсіріледі. Әскерилер Twitter желісінде хабарлама қалдырып, онда «қажет болса, одан да үлкен әлденені құлатуға» уәде берген. Хабарламаға бомба тастап жатқан В-2 бомбалаушы ұшақтары түсірілген видео қосарланған.
Бұл әзілге әлеуметтік желі қолданушылары сынмен қарады. Кейін хабарлама микроблогтар сервисінен өшірілді.
«Жарияланған жаңажылдық твит-әзіл талғамсыз әрі біздің құндылықтарға қайшы болды. Кешірім сұраймыз. Америка мен одақтастарымыздың қауіпсіздігі біз үшін маңызды», — деп хабарлады әскерилер жаңа микроблогында.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz