АҚШ прокуратурасы HUAWEI-ге қарсы қылмыстық іс қозғады

0
107

АҚШ прокуратурасы HUAWEI-ге қарсы қылмыстық іс қозғады

АҚШ-тың Федералдық прокуратурасы Қытайдың Huawei компаниясына қарсы қылмыстық тергеуді бастады.

Компанияға америкалық серіктестерінің коммерциялық ақпаратын ұрлады деген айып тағылып отыр. Журналистердің мәліметінше тергеу 2017 жылы компанияға қарсы берілген азаматтық талап-арыздар негізінде басталған.

Әзірге АҚШ Әділет министрлігінің өкілдері мен Huawei өкілдері ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда БАҚ бұны АҚШ пен Қытай арасындағы жасырын сауда соғысындағы түсініспеушіліктерге балап отыр.

Дереккөз: life.ru

Дереккөз: http://reactor.inform.kz