АҚШ: президенттік сайлау алдында Трамп пен Харрис сайлаушылармен соңғы кездесулерін өткізді

0

Қазіргі уақытта президенттік жарыста айқын фаворит жоқ

АҚШ-та президенттік сайлауға бірнеше сағат қалған кезде, үміткерлер соңғы кездесулерін өткізді, деп хабарлайды Kznews.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Республикалық партияның кандидаты Дональд Трамп Солтүстік Каролина, Пенсильвания және Мичиганда сөз сөйледі. Оның басты тақырыптарының бірі заңсыз көші-қон мәселесі болды.

Трамп егер Мексика үкіметі шекара арқылы келетін мигранттар ағынын тоқтатпаса, Мексикадан келетін барлық импортқа 25 пайыздық баж салығын енгізу жоспарын жариялады.

Демократиялық партия атынан сайлауға түсіп жатқан Камала Харрис науқанның соңғы күнінде Пенсильванияға барды. Вице-президент Скрантон, Аллентаун, Рединг, Питтсбург және Филадельфия қалаларында сайлаушылармен кездесті.

Трамп пен Харристің сайлау штабтары Пенсильванияны ең маңызды штат деп санайды, себебі ол ең көп — 19 сайлаушылар дауысына ие.

Қазіргі уақытта президенттік жарыста айқын фаворит жоқ.