АҚШ пен Түркия әскери кешен мәселесін шешпек

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған С-400 кешендерін Түркияға жеткізу мәселесін шешуге ниетті

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. Америка көшбасшысы үшін бұл бірнеше себептен маңызды боп келеді, деді Sputnik радиосының эфирінде әскери саясаттанушы Андрей Кошкин.

Түркияның ресейлік С-400 кешендерін сатып алуы Вашингтон мен Анкара қарым-қатынасына сын-қатер туындатып отыр, деп мәлімдеді АҚШ лидері Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен бірлескен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда, мемлекет басшылары аталған келісімшартпен байланысты мәселелерді талқылап, шешуге ниетті екендерін жеткізді.

«Біз бұны тұрақты түрде талқылаймыз. Бүгін де айттық, болашақта да сөз етеміз», — деп РИА Новости Трамптың сөзін келтірді.

Америка Құрама Штаттары президентінің айтуынша, ол өзі және Эрдоған екі елдің сыртқы саяси ведомство басшылары мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерді С-400 кешендері проблемаларын шешу бойынша жұмысты бірден бастауды сұраған.

Әскери саясаттанушы Андрей Кошкин Sputnik радиосының эфирінде Түркияның ресейлік С-400 кешендерін сатып алуы – АҚШ үшін үлкен сын-қатер.



sputniknews.kz