АҚШ пен тәліптер бейбіт келісімге қол жеткізді
АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі 14 ақпанда АҚШ пен тәліптердің бейбіт келісімге қол жеткізгенін хабарлады. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, келісім жақын арада күшіне енуі тиіс және ақырында АҚШ Ауғанстаннан әскерін алып кетуі мүмкін. «Күш қолданбау туралы жетікүндік» алғашқы келісім күшіне енген күннен бастап он күн өткен соң барлық ауғандықтарға ортақ бейбіт келісім жүзеге асуы тиіс деді АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі.
Жұма күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Ауғанстанның қорғаныс министрі Ашраф Гани Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция аясында кездесті. Politico басылымының жазуынша, АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы уәкілі Залмай Халилзада мен тәліптердің Дохадағы өкілі келісімнің соңғы детальдарын талқылап, келіскен.
Американың ресми өкілдері АҚШ билігі тәліптердің қысымына төтеп бере алмай, олардың талаптарына келісті деген алып-қашпа әңгімені жоққа шығарды. Олардың айтуынша, Трамп Ауғанстаннан Америка әскерін алып кетуге келіскенмен тәліптердің АҚШ әскеріне шабуылынан кейін алдыңғы келісімге қол қоймай қойған.