АҚШ пен Ресей: қарым-қатынас қандай бағытта өзгеруде

0

АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы қандай бағытта өзгеруде? Колумнист Геворг Мирзаянның осы тақырыптағы материалын оқыңыздар

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 10 желтоқсан күні өзінің америкалық әріптесі Майк Помпеоның шақыруымен Вашингтонға барды. Ол сол жақта мемлекеттік хатшымен ғана емес, АҚШ президенті Дональд Трамппен де кездесті. 

Министр және президент көптеген мәселені талқылады. Олар қазіргі өзекті тақырыптармен қатар, қарым-қатынас проблемалары мен болашағы жайлы әңгімелесті.

Жеке кездесу

Бір қарағанда, кездесу лауазымға сай өтпеген сияқты. Лавров – Ресейдің сыртқы істер министрі. Ол президентпен емес, өзінің америкалық әріптесімен ғана кездесуі керек.

Дегенмен, бұл хаттамалық ереже бұзылады, оны америкалықтар да, ресейліктер де бұзады (биыл мамырдағы Путин мен Помпеоның кездесуін еске түсірейік).

Президент сыртқы істер министрімен талқыланатын маңызды мәселе болғанда ғана немесе оның әріптесі (басқа мемлекет басшысы) қандай да бір себептермен келе алмағанда жеке кездеседі.

Бұл тұста Сергей Лавров «араласқан жақсы және байланыста болу мүлде қатынаста болмағанға қарағанда пайдалы» дейді.

Әсіресе, бұл қазіргі екіжақты қарым-қатынастың қиын кезеңінде аса маңызды. Лавров дұрыс айтады. Әрине, онымен бәрі келіспейді.

Өкілдер палатасының барлау жөніндегі комитет төрағасы Адам Шифф Twitter-де кездесу фактісін сынға алып, наразылық білдіріп пікір жазды.

«Дұшпандарды бізге шақырады, ал одақтастарды жібермейді… Бүгін олар ресейлік насихаттың сәтті жүргізілгенін тойлай алады», — деп мәлімдеді ол.

Америкалық баспасөз де наразы болды. Олар кездесуден бұрын оның бұқаралық ақпарат құралдары үшін жабық өткеніне ашулы болды.

Егер келіссөздердің мәні жайлы айтатын болсақ, Трамптың мәліметінше, «Ресейдің сыртқы істер министрі және өкілдерімен өткен өте жақсы кездесуде» тараптар көптеген мәселені талқылады.

Олардың қатарында екіжақты сауда перспективалары, Иран, Солтүстік Корея, Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесі туралы келісімшарт, ядролық қарулануды бақылау және америкалық сайлауға араласу мәселелері бар.

Шын мәнісінде, сайлауға араласу мәселесі талқыланбаған болуы да мүмкін (онда талқылайтын не бар?). Бірақ Трамп оны талқыланған тақырыптар тізіміне қосты, ал басқаша болған жағдайда Конгресс пен демократиялық баспасөз оны тірідей жеп қоюшы еді.

Бұған қоса, Трамп әдейі атап өтпеген тақырып та бар. Бұны да президент демократтардың ашуына тимес үшін жасады. Бұл – Украина мәселесі.

Конгресс пікірінше, Трамп Украинаны өзінің ішкі саяси және сыртқы саяси мақсаттарында пайдалану үшін оған жан-жақты қысым жасап жатыр.

Тағы оқыңыз: «Норманд форматы» Ресей мен Украина қарым-қатынасының жақсаруына көмектесті ме?

Бірқатар сарапшы Америка президенті өзіне басқа мәселелерде жол ашу үшін Мәскеуге АҚШ-тың Киевті қолдаудан бас тартуын «сатуға» дайын екеніне сенімді (Иран, Солтүстік Кореямен қатар, тақырыптар тізімінде көрсетілмеген Сирия мен Қытай бар).

Сондықтан Трампқа Сергей Лавровтан өзге мәселелермен қатар «норманд» саммиті нәтижелері туралы есту қызықты болар еді.

Бұған қоса, саммиттің ресми жаңалығын емес, ресейлік биліктің Украина президенті Зеленскийді қалай қабылдайтыны туралы білу қызықты деп ойлаймын.

Және де бұны Помпеодан емес, ресейлік министрдің өз аузынан есту ерекше болатыны анық.

Ресей мен Америка Құрама штаттары екіжақты қатынастардағы дағдарысты жеңіп, сенім орнату үшін қарапайым, күрделі емес салалар бойынша келісім мен өзара түсіністік орнату қажет. Сондықтан соттасып, ұрсыспай, тек жиірек кездесіп, әңгімелесу керек.



sputniknews.kz