АҚШ пен Қытай лауазымдылары телефонда келіссөз туралы ақылдасты

0

Бүгін таңертең АҚШ пен Қытайдың жоғары лауазымды шенеуніктері телефон арқылы сөйлесіп, келесі келіссөз туралы талқылады. Бұл туралы Қытайдың Сауда министрлігінің ресми сайтында берілген мәліметте, Қытай премьерінің орынбасары және Қытай-АҚ сауда-экономикалық консультацияларындағы Қытай делегациясының жетекшісі Лю Хы АҚШ-тың қазына министрі Мнучин және сауда өкілі Роберт Лайтхайзрмен телефон арқылы сөйлескені туралы айтылған.

Сөйлесуде тараптар, екі ел басшыларының келіссөзінде қол жеткізген келісімдер бойынша, алдағы келіссөздер процесін алға жылжытудың жобаларын ақылдасқан. Дегенмен, Қытай Сауда министрлігінің сайтында сөйлесу туралы толық мәлімет берілмеген.

АҚШ президенті Трамп пен Қытай басшысы Ши Жинпиң Аргентинада келіссөзге келгеннен кейін, 90 күн ішінде АҚШ-Қытай арасындағы сауда келісімі жасалып, қосымша тарифтер алынуы керек. Ал, шекті мерзім ішінде келісімге келе алмаса, АҚШ өзінің 25 пайыздық кедендік салығын Қытай тауарларына бағыттайтын болады.

Өткен аптаның соңғы күндері АҚШ-тың сауда өкілі Лайтхайзр мәлімдемесінде, 1 наурыз АҚШ-Қытай сауда келіссөзі үшін соңғы күн екенін, әрі бұл бірден бір мүмкіндік саналатынын, бұл мезгілдерде келіссөз нәтиже бермесе, АҚШ шекті мерзімді ұзартпайтынын мәлімдеді. Бұл Қытай тарабына

Қытай Құрама Штаттармен үлкен саудалық профицитке ие. АҚШ үкіметі Қытайға зияткерлік меншік құқықтарын ұрлау, Қытайда жұмыс істейтін америкалық компанияларды технологияны өткізіп беруге мәжбүрледі деген айыптар тағып келеді. Осыдан келіп шыққан сауда соғысы жаһандық қор нарығының өзгеруіне де себеп болды.

Ал жақында АҚШ-тың өтініші бойынша, қытайлық Huawei компаниясының бас қаржы директоры Канадада тұтқындалған еді. Оған АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясын бұзды деген айып тағылған. Көптеген сарапшылар, бұл іс АҚШ-Қытай арасындағы сауда келіссөзіне әсер етуі мүмкін деп қарайды.

“The Qazaq Times”