АҚШ пен Қытай арасында соғыс болуы мүмкін бе — сарапшы жауап берді

0

Қытайдың алдағы 12-24 айда Тайваньға (АҚШ-тың қолдауындағы) басып кіруге дайындалып жатқандығы туралы ешқандай белгі жоқ, деп жазады Popular Mechanics басылмы АҚШ армиясының бас штабының төрағасы генерал Марк Миллидің Конгресте сілтеме жасап.

Алайда, әскерилердің пікірінше, Бейжің мұны Қытай Халық-Азаттық Армиясы 100 жыл толғанда 2027 жылы жасай алады дейді. Генералдың айтуынша, Бейжің өзінің құрлықтағы, әуедегі және әскери-теңіз күштерін жүйелі түрде құруды жалғастыруда, бұл мақсаты аралға шабуылға дайындалу болып табылады.

Popular Mechanics Тайвань үшін шайқас 2027 жылы емес, 2035 жылы басталуы мүмкін деп болжайды. Басылымның хабарлауынша, осы уақытқа дейін Бейжің әскери іс-қимылдарды жүргізуге, атап айтқанда материк пен түбекті бөліп тұрған бұғаз арқылы қону үшін көбірек дайын болады.

Сәуір айында South China Morning Post газеті сұхбаттасқан сарапшылардың қорытындыларына сілтеме жасай отырып, Тайваньға қатысты соғыс болған жағдайда Қытайды жеңу үшін АҚШ өзінің теңіз және әуе күштерінің шамамен 80 пайызын орналастыруы керек деп жазды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты