АҚШ пен Франция мәлімдемесі: Украинаның Ресейді жеңуіне аз-ақ қалды

0

Ресейдің күші әлсіреді. Ал Украинаның бұл соғысты жеңуіне мүмкіндігі зор. Осылай деп мәлімдеді Францияның Сыртқы істер министрлігі мен АҚШ-тың мелмекеттік хатшылығы, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Бұл соғысты Украина жеңеді деп ойлаймын. Украинаның бір адамдай қарсыласып, жан бермей жан алысып отырғанына бүгін 10 күн болды. Украина бұлай қарсыласады деп ешкім ойламапты. Соғыстың шығыны шаш-етектен. Әсіресе, Ресей үшін. Ақыр соңында Путин екі таңдаудың ортасында қалмақ. Не келіссөзге келеді, не Ресейдің түбіне жетіп тынады», — деді Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан.

Ле Дрианның айтуынша, Батыс салған санкция Ресейдің экономикасының күл-талқанын шығарды әрі Путиннің бұл агрессиясын тоқтатуға зор септігін тигізді.

Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаның жеңетініне сенімді.

«Путиннің Украинаны басып аламын, қуыршақ үкімет орнатамын деген арманы түкке жарамай қалды. Мәскеу билігі қуыршақ үкімет қойса да, 45 млн украин халқы оны төңкеріп тастайды. Соғыстың қанша уақытқа созылары белгісіз. Бірақ украин халқының жауынгерлігі мен табандылығына бас имеске болмас», — дейді Блинкен.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, әскери операция Путиннің ойлағанындай болмады. Қиыс кетті.

«Путиннің жоспары болмады. Ал Батыс күштері Путиннің соғысты тоқтатуына қысым көрсету үшін барын салмақ», — деді Блинкен.