АҚШ мобилизациядан қашқан азаматтарды қабылдайды

0

Америка Құрама Штаттары жұмылдыру салдарынан елден қашқан ресейліктердің өтініштерін жеке қарастырмақ.

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер брифинг барысында хабарлады.

«Осылайша, қудалаудан пана іздеген кез — келген адам, ұлтына қарамастан, Америка Құрама Штаттарында баспана алуға өтініш бере алады және оның өтініші әр жағдайда қарастырылады», — деп қосты ол.

Фото: massaget.kz, ақпарат: Unian.net