АҚШ мигранттарға баспана беру шарттарын қатаңдатты

0

АҚШ-тың әділет және ішкі қауіпсіздік министрліктері мигранттарға баспана берудің жаңа ережелерін белгіледі. Енді оңтүстік шекарадан өткен мигранттардың оған дейін өзге ел территориясынан өткені анықталса – пана берілмейді. Бұл өзгерістер 16 шілдеде күшіне енеді.

«Орталық Америка мен Мексиканы кесіп өтетін көп шетелдіктер сол елдерден баспана сұрамайды, өйткені олар АҚШ-та тұруды қалайды»,- делінген Федералды реестрда жарияланған құжатта.

АҚШ әділет министрлігінің мәліметінше, 2018 жылы иммиграциялық соттарға 162 мың мигранттан баспана сұрап, жазған арыз түскен. Бұл бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 270 пайызға көп. Соттарда әлі мұндай 400 мыңнан аса іс жатыр.

Жексенбі, 14 шілдеде АҚШ аумағында жүрген заңсыз мигранттарды анықтау үшін иммиграциялық және кедендік полиция (ICE) рейд жүргізді.

Azattyq